Ильхам Әлиевті ұлықтау рәсімі 24 қазанға белгіленді

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Әзербайжанның конституциялық соты президент сайлауының түбегейлі қорытындысын бекітті.

Соңғы мәліметке сәйкес, Әзербайжанның қазіргі президенті Ильхам Әлиев 88,73% дауыс жинады.

Президент сайлауының түбегейлі қорытындысын Әзербайжанның конституциялық соты бекіткеннен үш күннен кейін елдің жаңа президентін ұлықтау рәсімі өтуге тиіс.