Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Масктың айтуынша, қазіргі уақытта саясатқа қаражат бөлуге себеп көріп тұрған жоқ.
Мен саясатқа жеткілікті деңгейде қолдау білдірдім деп есептеймін. Егер болашақта нақты бір қажеттілік туындаса, ол кезде қаржы жұмсау туралы қайта ойланып көремін. Бірақ әзірге ондай себеп жоқ, – деді ол.
Сонымен қатар, Маск бұл шешімді өз саяси белсенділігінің қандай да бір жағымсыз салдарымен байланыстырудың қажеті жоқ екенін атап өтті.
Politico басылымы Масктың соңғы уақытта саяси ақпарат кеңістігінен алыстап кеткенін және АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың да оны сирек еске алатынын жазды. Бұған қоса, Илон Маск 22 сәуірде Tesla компаниясының кірісінің төмендеуі салдарынан АҚШ үкіметінің тиімділік департаментіндегі (DOGE) қатысуын да қысқартқанын хабарлаған болатын. Ол бұл ведомствода тек пайда әкелген жағдайда ғана жұмысын жалғастыратынын айтты.