Илон Маск Twitter бас директоры қызметінен кететінін мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Илон Маск Twitter бас директоры қызметінен кететінін мәлімдеді

Илон Маск Twitter бас директоры қызметінен кететінін мәлімдеді

SpaceX және Tesla компанияларының басшысы Илон Маск жақын арада Twitter әлеуметтік желісінің бас директоры қызметінен кететінін айтты.

  • 12 Мамыр 2023
  • 11
Фото - Caravan.kz

 Масктың айтуынша, ол бұл қызметке жаңа адамды алған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ол жұмысын алты аптадан кейін бастайды! Менің рөлім өнімді, бағдарламалық жасақтаманы және жүйені қадағалайтын атқарушы төрағаға ауысады», – деп жазды Маск.

 Илон Маск Twitter акцияларын 2022 жылдың 31 қаңтарында сатып ала бастаған. 4 сәуірде Маск Twitter-дің 9,2 пайыздық үлесін 2,64 миллиард долларға сатып алып, компанияның ең ірі акционері атанды. Жақында Илон Маск Украинаға көмектесуге шақырған жазушы Стивен Кингке жауап беріп, 100 миллион доллар бөлгенін мәлім еткен еді.