Илон Масктің жаңа компаниясы әлемдегі ең қымбат компанияға айналды - kaz.caravan.kz
  • $ 503.44
  • 593.35
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Илон Масктің жаңа компаниясы әлемдегі ең қымбат компанияға айналды

Илон Масктің жаңа компаниясы әлемдегі ең қымбат компанияға айналды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Миллиардер Илон Масктің жаңа жобасы жеке компаниялар арасында

  • 4 Ақпан
  • 1
ФОТО: Х/SpaceX

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Миллиардер Илон Масктің жаңа жобасы жеке компаниялар арасында әлемдегі ең қымбат компания атануға үміткер болып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселе мынада, 2 ақпанда Илон Маск SpaceX компаниясының ресми сайтындағы мәлімдемесінде өзінің екі компаниясын – аэроғарыштық SpaceX пен жасанды интеллект саласындағы xAI стартапын біріктіретінін жариялады.

«Бұл SpaceX пен xAI миссиясындағы жаңа тарау ғана емес, тұтас бір жаңа кітаптың басталуы. Біздің мақсатымыз – ақылды «күнді» ауқымды түрде қалыптастырып, Ғаламды тану және сананың жарығын жұлдыздарға дейін жеткізу», – деп жазды Маск өзіне тән эмоциялық стилімен.

Сарапшылардың есептеуінше, біріктірілген жаңа компанияның нарықтық құны 1,25 триллион доллар деп бағаланып отыр. Бұл көрсеткіш оны жеке компаниялар арасындағы әлемдегі ең қымбат компанияға айналдырады. Масктің айтуынша, жаңа құрылым ғарыштағы деректерді өңдеу орталықтарын (data-center) құру және іске қосуды қолға алады.

«Ғарыштық деректерді өңдеу орталықтарын құру арқылы ашылатын мүмкіндіктер Ай мен Марста тұтас бір өркениетті дамытуға, ал түпкі мақсатта – Ғаламға кеңеюге қаржылай және технологиялық негіз болады», – деп мәлімдеді миллиардер.