Илья Ильин допинг сынамасы нәтижесімен келіспейді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Илья Ильин допинг сынамасы нәтижесімен келіспейді

Илья Ильин допинг сынамасы нәтижесімен келіспейді

 

  • 16 Маусым 2016
  • 894
Фото - Caravan.kz

Ауыр атлетикадан екі дүркін олимпиада және төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин санаулы күндерден соң Бразилияда басталатын олимпиада ойындарына дайындығын жалғастыруда. Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.   

Әйтседе Халықаралық ауыр атлетика федерациясының ((IWF)) ресми сайтына жарияланған соңғы ақпараттар спортшыға оңай тимеген.

«Алынған ақпарат тас төбеден ұрғандай болды. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының ережесіне сәйкес мен туралы барлық мәлімет ADAMS халықаралық жүйесінде сақталған. Онда менің өмірімнің әр сағаты, тіпті жаттығу кезі ме, демалыс сәті ме бәрібір, қайда барып тұратыным барлығы жазылған. Мен Допингке қарсы агенттікке үнемі ашықпын»,- деп жазды И. Ильин Instagram-дағы парақшасында.

Оның айтуынша бірде бір халықаралық жарыс допинг бақылаусыз өтпейді, әрі ол спортшы ретінде 2004 жылдан бері допинг тест тапсырып келеді екен. Ал нәтижесі әрқашан теріс болған.

«Мен Рио олимпиадасына  дайындықты жалғастыра беремін және соңына дейін барамын. Спорт басшылығы жағдайға барынша араласуда. Олимпиадаға қатысу үшін тапсырыс беруге шілденің ортасына дейін уақытым бар»,- депті әйгілі спортшы.

«Қандай шешім шықса да 20 жылдық спорттық ғұмырымда үнемі жаттығу залдарында күніне 3 мәрте жаттығу жасаумен өткізгенімді білгендеріңізді қалаймын. Мен әрқашан мойнымда елдің, халқымның үлкен жауапкершілігі тұрғанын сезіндім және сол сеніміді ақтау үшін күрестім. Барлық осы жылдар бойы қиын қыстау кезеңде, қуанышты сәттерде Сіздер маған қолдау көрсеттіңіздер. Осы мезетте де шет қалдырмайды деп үмітенемін.


Сіздердің Илья Ильиндеріңіз»,- деп жазылған спортшының Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске сала кетсек,  ауыр атлеттер Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза және Светлана Подобедова допинг қолданды деген айыппен тергеу аяқталғанша жарыстардан шеттетілді. Бұл туралы Халықаралық ауыр атлетика федерациясының ((IWF)) ресми сайтына жазылған. 

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера