Илья Ильин өзара әңгімеде қарсыласы Александр Ивановқа не айтты? - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Илья Ильин өзара әңгімеде қарсыласы Александр Ивановқа не айтты?

Илья Ильин өзара әңгімеде қарсыласы Александр Ивановқа не айтты?

94 келіге дейінгі санаттағы ауыр атлетші, Олимпиада чемпионы Илья Ильин

  • 5 Тамыз 2012
  • 627
Фото - Caravan.kz

«Советский спорт» газетіне берген сұхбатында өзінің ресейлік қарсыластары: екінші орын алған Александр Иванов пен төртінші орынды місе тұтқан Андрей Демановтың атына мақтаулар айтты.

Бұл туралы http://www.olympickhabar.kz сайтында жазылды.

— Олар болмаса ешқандай да әлемдік рекорд болмаушы еді. Мен алдын ала босаңсып, жаттығу залында емін-еркін жүре беруші едім. Сондықтан оларға үлкен рахмет! Мен шынайы бәске болғанды ұнатамын, бүгін ол болды!, — деді Ильин.

— Марапаттау кезінде Ивановпен не туралы сөйлестіңдер?

— «Өзіміз» ретінде бір-екі нәрсені айттым…Ол: «Аяғым қажалған еді, сол кедергі етті», — деді, ал мен оған: «Қойшы, сен жарадың!», — дедім. Шынымен де, Сашаға өте-өте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге сәл ғана жетпейді.

Еске салайық, Ильин екі әлемдік рекорд орнатты: серпеді (233 кг) және қос сайыстың нәтижесі бойынша (418 кг). Ивановтың нәтижесі — 409 кг (185+224), Демановта 407 кг (182+225).

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера