Илья Ильин қазақстандық ауыр атлеттер Светлана Подобедова, Майя Манеза мен Зүлфия Чиншанлоның допинг дауынан кейін спорттан шеттетілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
«Армысыздар! Көңіл-күйім жақсы, қыздарға обал болды! Келесі кезекте «мен», — деп пікір білдірді қазақстандық ауыр атлет.
Еске салайық, бүгін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Светлана Подобедованы 8 жылға, ал Майя Манеза мен Зүлфия Чиншанлоны 2 жыл жарыстарға қатысудан шеттеткені туралы ресми шешім шығарғаны хабарланған болатын.