Бейжің олимпиадасындағы допинг сынамасының теріс болып шыққанына Ильиннің жеке жаттықтырушысы Ержас Болтаев аса таң қала қоймапты. Өйткені ол Лондоннан хабар келгеннен кейін, Бейжіңнен де тура сондай нәтиже шығады деп ойлағанын айтады. Өйткені әдіс тәсілдері бір көрінеді. Бұл туралы szh.kz-ке сілтеме жасай отырып Caravan.kz хабарлайды.
«Кезінде тексеріп, таппай, қазір тауып жатыр. Енді бұл зат Ильяның ағзасына қалай келді десе, әрине сегіз жыл өтті, зерттеу, дәлелдеу де қиын болады. Бірақ нақты Илья жөнінде айтатын болсақ, Илья ешқашан бір затты спорттық тағам болсын, қалпына келтіру заттар болсын, толығынан көріп, бізге беріп, көрсетіп, біздің бақылауымызда жүреді. Жеке дәрігер бар, барлық нәрсені бірге талдап отырып, қолданамыз»,-деді Ержас Болтаев.
Дегенмен жаттықтырушы келеңсіз оқиғаның спортшыға кері әсер ететінін айтады . Бірақ әділдік жолындағы күресті тоқтатпақ емес.
«Ертеңгі күні Илья бұйырса Францияға ұшады. Арнайы мамандармен кездесу үшін. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда ондай мамандар жоқтың қасы. Толық кеңес алу үшін бармақ. Бұл жерде сотқа беру деген мәселе жоқ, өйткені әлі өткен жоқ қой. Қалай өтеді, ары қарай соладың шешіміне қарай қимылдаймыз. Егер әрі қарай Олимпиадаға жібермейміз, медальдарыңызды алып қоямыз десе, онда біз міндетті түрде сотқа жүгініп, өздеріңіз білесіздер, Швейцарияда арбитраждық сот бар. Соған міндетті түрде жүгінеміз»,-деді Е. Болтаев.