Имам Мұхамеджан Тазабекті салафит екенін мойындауға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Имам Мұхамеджан Тазабекті салафит екенін мойындауға шақырды

Имам Мұхамеджан Тазабекті салафит екенін мойындауға шақырды

 

  • 27 Маусым 2016
  • 10278
Фото - Caravan.kz

Мұхамеджан Тазабек өзінің салафит еместігін дәлелдесін немесе сол ағымда екенін мойындасын, деп жазды Қанат Жұмағұл есімді дін қызметкері әлеуметтік желілердің біріне. Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.

"Дат айтуға хақымыз бар!

Бізді "сəлəф" деп жүргендер отпен ойнайды", деген кісінің сөзіне келесі шарттармен ғана сенуге болады," деп бастапты өз жазбасын Қ. Жұмағұл.

Ал қойған талаптары төмендегідей:

1. Абай Құнанбайұлы мен Мəшһүр Жүсіптің Алланы мекенсіз деп сипаттаулары — дұрыс сенім деп мойындаса, əрі Алланы өз болмысымен (затымен) аспанда деп сенудің адасушылық екенін қабылдаса;

2. Имам Тахауи Алла тағаланың болмысы шектелуден жəне ағзалардан пәк деп айтқан сенімін дұрыс əрі ақиқат деп мойындаса;

3. Мухаммад ибн Абдилуаһһабты адасқан деп қабылдаса;

4. ҚМДБ-ның тұғырнамасында көрсетілгендей Имам Əбу Ханифаның мəзһабына негізделген "матуриди" сенім мектебін əһлу сунна жолы деп мойындап, оны өз діни бағытына айналдырса;

5. Əрі осы айтылғандарды өз сөзімен БАҚ жəне əлеуметтік желілер арқылы жарияласа".


"Егер бұл талаптар орындалмаса, онда ол кісі өзінің салафит екенін мойындасын!",- дейді Қанат Жұмағұл сөзінің соңында. Оның мұндай дат айтуына «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабектің  «Рейтинг» газетіне берген сұхбаты себеп болған.  Онда арна директоры «Бізді сәләф дейтіндер отпен ойнап жүр» деген мағынада сұхбаты берген еді.

Аталған сұхбатта Мұхамеджан Тазабек  «біз өзіміздің ондай теріс ағымда емес екенімізді сөзімізбен емес, ісімізбен дәлелдеп келе жатқан адамдармыз. Жұртқа көрсететін ісі жоқ адамдар артық сөйлейді. Ал біз айналысып жатқан нақты шаруамыз болғандықтан артық сөзбен айналыспаймыз»,-деген болатын.