Бұл туралы желіде Серік Боқан жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"ҚМДБ имамдары үстіндегі сүннет киімін гайешниктың формасы деп есептей ме?
ҚМДБ имамдары пітір, садақа, зекет мәселесінде ғана үні шығады да, ал осындай намаздағылардың хақысына қол салынғанда, үні шықпай қалады.
Бұл не істейтін мекеме? сүннеттің ең маңызды өлшемі болған, әйелдің ар мен намысының қорғаны болған орамалға ара түсіп бір ауыз сөз айтпаса, жұма күні аз жамағатқа сөйлегеннен не қайыр?
Имамның иманы өлшенетін осындай кезде олардың тұтасымен бұғып қалатынын онсызда ширек ғасырдан бері білеміз. Себебі олар керек кезінде ақиқатты айтпайды! бидағатты сүннет қылып, сүннетті бидағат қылып көрсетеді. Біздегі діни ақуалдың шиленісіп кетуіде осындай жағдай себеп болса керек.
Осы жолы мұфти бір ауыз ақиқатты айтар деген сенімдеміз",- деп жазды ол.