Жарияланды: 350

Иманғали Тасмағамбетов Монако Князі II Альбермен кездесті

Кеше Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Монако Князі II Альбердің кездесуі өтті.

Еске сала кетсек, монарх Астанаға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруы бойынша ресми сапармен келді. Бұл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнаған сәтінен бергі алғашқы сапар болып табылады. Сапардың мақсаты - жоғары дәрежеде байланыс орнатып, келешек екі жақты қарым-қатынастарға жол ашу. Атап айтқанда, Монакомен арадағы экономикалық ынтымақтастықтың дамуы. Қазақстан үшін монако капиталы мен мемлекеттік үдемелі индустриальдық- инновациялық даму бағдарламасы аясында басым жобаларды жүзеге асыру технологиясын тарту мүддесі болып табылады, деп хабарлайды astana.kz.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін