Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
"Осы уақытқа дейін жұқтырудың мұндай көрсеткіші болған емес. Қызылша ең жұқпалы ауру деп саналатын, бірақ бұл тұрғыдан келгенде омикрон асып түсті", — дейді иммунолог.
Болибоктың пайымынша, вирусты жұқтырған адаммен сөйлесу, оның есінеуі, тіпті, дем алуы жұқтыруға себеп болуы мүмкін.
Сондай-ақ, иммунолог вирустың балалар үшін аса қауіпті екенін атап өтті.
"Олар белсенді түрде ауырады. Ауруханаға ауыр халде түсетіндердің саны күрт артады. Қазіргі басты мақсат — балалар өлімінің артуына жол бермеу", — деді маман.
Бұған дейін қазақстандық инфекционист дәрігер Динагүл Баешева балалардың вирусты қиын өткеретінін айтқан еді.
Сондай-ақ, өткен тәулікте Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың күрт нашарлағаны анықталды. Бір тәулікте коронавирусты жұқтырғандар саны 9 мыңнан асып жығылған.