Иммунологтар ескертеді: достық сүйісуден кейін бауыр зардап шегуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иммунологтар ескертеді: достық сүйісуден кейін бауыр зардап шегуі мүмкін

Иммунологтар ескертеді: достық сүйісуден кейін бауыр зардап шегуі мүмкін

Сәнге айналған сүйіп амандасу үрдісі дереуара балалар, әсіресе қыздар арасында кең етек алуда.

  • 28 Қазан 2012
  • 354
Фото - Caravan.kz

Құрбылар балалар бақшасында және мектепте бір-бірін шөп-шөп сүюді белсенді түрде тәжірибеге енгізіп келеді.

Бұл туралы «Экспресс К» газеті (авторы Татьяна Ленская, «Опасный поцелуй») жазады.

Иммунологтар ескертеді: бір жағынан алып қарағанда еш зияны жоқ — дос ретінде сүюдің соңы мононуклеоз қоздырғышы — Эпштейн-Баррдың вирусына әкеліп соқтыруы мүмкін. Жұқпа герпестердің (ұшық) төртінші түріне жатады және ол соңына дейін зерттелмеген. Бұл жасырын вирус және ол көп жағдайда мектеп жасындағы балаларда пайда болады. Мононуклеоз жоғары температурадан басталады және оны төмендету қиынға соғады. Белгілері — тамақ және лимфа түйіндері ісінеді, көкбауыр мен бауыр ұлғаяды. Үш аптаға созылатын сырқаттанудың бастапқы кезеңінде вирус бірінші кезекте бауырға түседі. Мұндай ауыртпалықтан кейін бауыр тек диетаның қатаң сақталуымен ғана жарты жылдан кейін қалпына келеді.
Басты сөздер: БАҚ

Соңғы жаңалықтар