Бүгін Инчхон қаласында өтіп жатқан Азияда ойындарында Қазақстан боксшысы, Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов турнирдегі сайыстарын бастады. Алғашқы жекпе-жегінде (1/8 финал) ол сириялық боксшы Хоссаун Елдинді 3:0 есебімен жеңді. Бұл туралы Инчхондағы «ҚазАқпарат» оқырманы, спорт сарапшысы Асқар Ағатаев (фотоларды түсірген автор) хабарлады. Оның айтуынша, Әділбек өзіне сенімді болып, қарымта шабуылдар әдісін ұтымды қолданды. Келесі кезеңде Әділбек Қытай боксшысы Джанг Аолинмен қолғап түйістіреді. Ол Ахмад Алфадхиді техникалық нокаутпен жеңген болатын.

