Азиаданың ақтық сынына шыққан үшінші қазақстандық Әділбек Ниязымбетов жартылай финалда ирандық Эхсан Рузбаханимен кездескен болатын. Тартысты өткен кездесу барысында Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері қазақстандық боксшы өзінің қарсыласынан басымдығын айқын танытты. Айта кетерлігі, бұған дейін бұл боксшылар Лондонда өткен Олимпиада ойындарында, және Иорданияда өткен Азия чемпионатында шаршы алаңда кездескен болатын. Осы 2 кездесуде де Әділбек басымдық танытқан еді.
Ә.Ниязымбетов ертең Азиада алтыны үшін шаршы алаң қожайыны 2011 жылғы Азия чемпионы Хонгкь Киммен жұдырықтасады. Ол жартылай финалда өзбекстандық Ойбек Мамузулуновтан басым түсті.