ИНЧХОН-2014: Азиада Пара Ойындарына 84 қазақстандық аттанады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ИНЧХОН-2014: Азиада Пара Ойындарына 84 қазақстандық аттанады

ИНЧХОН-2014: Азиада Пара Ойындарына 84 қазақстандық аттанады

Ағымдағы жылдың 18 қазанында Оңтүстік Кореядағы Инчхон қаласында «Инчхон-2014» Азиада Пара Ойындары ашылады. Ал Қазақстан Республикасының Туын көтерумен командаларды қарсы алу рәсімі 16 қазан күні өтеді, деп хабарлайды sports.kz.

  • 8 Қазан 2014
  • 565
Фото - Caravan.kz

Бұл Ойындарға дене мүмкіндіктері шектелуі қазақстандық атлеттер құрама командасының 84 спортшысы тоғыз спор түрі бойынша қатысады. Атап айтқанда, олар жебе ату, атлетика, дзюдо, пауэрлифтинг, оқпен ату, жүзу, үстел теннисі, отырып волейбол ойнау және арбада билеуден сайысады.

Команда құрамында Павлодар, Қызылорда, Алматы, Ақмола, Жамбыл, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қарағанды облыстарынан, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларынан спортшылар болады. Олар  кклиматизациялық бейімделу және спорт нысандарын алдын-ала көру үшін Инчхонға 13 қазан күні аттанады.

Жалпы, аталмыш Пара Ойындарға шамамен 40 елден 4800 спортшы қатысады деп жоспарлануда. Оны 1000-нан астам халықаралық БАҚ өкілдері жұртшылыққа таратпақ, ал 3681 ерікті спортшылар мен делегацияларға Ойындарды табысты өткізуге септеспек.


Инчхондағы Азиада Пара Ойындарының жабылу салтанаты 24 қазанда өтеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера