Бұдан үш жыл бұрын Айдар Әмірзақов дәл осы Инчхон қаласында Азия чемпионы атанған болатын.
Естеріңізге сала кетелік, бұған дейінгі таңғы сессияда бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының ең тәжірибелі боксшысы Біржан Жақыпов 1/8 финалда пәкістандық Мухубиллахты 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңген болатын. Ертең 30 қыркүйекте Біржан малайзиялық Мұхаммад Мохдамен бақ сынасады. Ол өз кезегінде непалдық Бикрам Париярды жеңген.
Сонымен қатар, боксшы қыздарымыз Жайна Шекербаева (51 кг) мен Марина Вольнова (75 кг) да өз қарысалстарынан басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.
Бүгін түстен кейін ширек финалда Ілияс Сүлейменов (52 кг) оңтүстік кореялық Сангдон Чомен, Данияр Елеусінов (69 кг) моңғол Тувшинбат Буямбамен, ал Әділбек Ниязымбетов (81 кг) қытайлық Аолинг Жангпен қолғап түйістіреді.