ИНЧХОН-2014: Мүгедектер арбасына таңылған қазақстандық жаңа әлемдік рекорд орнатты - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ИНЧХОН-2014: Мүгедектер арбасына таңылған қазақстандық жаңа әлемдік рекорд орнатты

ИНЧХОН-2014: Мүгедектер арбасына таңылған қазақстандық жаңа әлемдік рекорд орнатты

Параазиада ойындарында қазақстандықтар бірталай жеңістерге қол жеткізуде. Кеше біздің спортшыларымыздың қоржыны бес наградаға толықты, деп хабарлады sports.kz.

  • 24 Қазан 2014
  • 455
Фото - Caravan.kz

Дүбірлі додада қазақстандық жүзгіштер ерекше көзге түсті. Әсерсе, мүгедек арбасына таңылған спортшы Зүлфия Ғабидуллина рекорд орнатып, жұртшылықты таң қалдырды. 23 қазан күнгі қорытынды бойынша — жалпы есепте Қазақстан 11 орында.

Инчхон ойындарының соңғы күндерінде сингапурлық, қытайлық жүзгіштерден Зүлфия алтын медальді тартып алды десе болады. Әлемнің төрт дүркін чемпионының жеңісі сенсация тудырды, ол жаңа әлемдік рекорд орнатты. Небәрі 46,40 секундта ол 50 метрді еркін стильде жүзіп өтті.

Сондай-ақ Қазақстан қоржынына жүзуден екі алтынды Әнуар Ахметов пен Андрей Афанасьев салды. 100 метр қашықтыққа жүзуден оларға ешкім тең келе алмады.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера