ИНЧХОН-2014: Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы алғашқы қарсыласын нокаутпен жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ИНЧХОН-2014: Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы алғашқы қарсыласын нокаутпен жеңді

ИНЧХОН-2014: Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы алғашқы қарсыласын нокаутпен жеңді

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан 17-ші Азия ойындарында қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы өзінің (75 кг) алғашқы сайысын нокаутпен аяқтады, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясынан. 

  • 29 Қыркүйек 2014
  • 366
Фото - Caravan.kz


Бокстан 2013 жылғы Әлем чемпионы 1/8 финалда қытайлық Тайпейден келген Тинг Янгпен қолғап түйістірген болатын. Көп соққылар жіберіп, бірінші раундты әрең аяқтаған Жәнібектің қарсыласы екінші раундта тізе бүкті — отандасымыз қапысын тауып, үстін-үстін ұрған соққыларымен дегеніне жетті. 

Ертең Жәнібек ширек финалда ирандық боксшы Саджад Мехрабимен кездеседі. Ол өз кезегінде палестиндік Фида Исламды тізе бүктірген болатын.

Бүгін ширек финалда кешкі сессияда Ілияс Сүлейменов (52 кг) оңтүстіккореялық Сангдон Чомен, Данияр Елеусінов (69 кг) моңғол Тувшинбат Буямбамен, ал Әділбек Ниязымбетов (81 кг) қытайлық Аолинг Жангпен қолғап түйістіреді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера