ИНЧХОН-2014: Қазақстандық паралимпиадашыларда қанша медаль? - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ИНЧХОН-2014: Қазақстандық паралимпиадашыларда қанша медаль?

ИНЧХОН-2014: Қазақстандық паралимпиадашыларда қанша медаль?

Оңтүстік Кореяда басталған Параазиада ойындарында Қазақстан құрамасы сегіз медаль алып үлгерді. Әзірге құрамадағы алтын саны біреу болғанымен, спортшылар ел қоржынына тағы бірнеше жеңіс әкелуден үмітті.

  • 21 Қазан 2014
  • 421
Фото - Caravan.kz


Айта кетейік, Параазиада ойындарына қазақстандық 84 спортшы қатысуда.

Құрама команда үшін алғашқы жүлдені суда жүзушілер әкелді. Тірек-қимыл аппаратының мүмкіндігі шектеулі спортшылардың арасында 50 метр қашықтықты жүзіп өткен Дмитрий Ли үшінші болып келіп, қола жүлдені еншіледі. Ал Әнуар Ахметов көру мүмкіндігі шектеулі жүзушілер арасында екі мәрте екінші орын алды. 400 метрге жүзуде ол Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды. Бұл жеңістер біздің спортшылардың басқа елдерден келген қатысушыларға лайықты бәсекелес екенін көрсетті.

Дзюдодан өткен жарыста Әнуар Сәрсиев Тайпей спортшысынан басым түссе де, Моңғолия мен Кореяның атлеттеріне есе жіберіп алды.

Ал волейболшыларымыз болса, жартылай финалға өтіп үлгерді. Матчтар сериясында қазақстандық құрама жапондықтар мен моңғолдарды ұтты.

Сонымен бірге, спорттың арбадағы би, пауэрлифтинг және садақ ату түрлерінен күміс және қола медальдар бар.

Атап айтқанда, Қазақстан қоржынындағы 8 медальдің 1-уі — алтын, 4-уі — күміс, 3-уі — қола. Қазақстан әзірге 14-ші орында. Бірінші орында Қытай, екінші орында — Оңтүстік Корея, ал одан кейін Жапония тұр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера