Инчхондағы Азиадада 75 келі салмақ дәрежесінде жартылай финалда өз Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) мүмкіндігін көрсетті. Ол Үндістандық Кристиан Викаштан басым түсіп, — 2:1 (28:29, 29:28, 30:27) есебімен жеңіске жетті.
Осыған дейін ақтық сынға Ілияс Сүлейменов (52 кг), Данияр Елеусінов (69 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг), Иван Дычко (+91 кг) және Біржан Жақыпов (46-49 кг) жолдама алған болатын, деп жазады sports.kz.