Индира Расылхан не үшін бірнеше күн депрессияға түсіп, жылағысы келіп жүргенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Индира Расылхан не үшін бірнеше күн  депрессияға түсіп, жылағысы келіп жүргенін айтты

Индира Расылхан не үшін бірнеше күн депрессияға түсіп, жылағысы келіп жүргенін айтты

Әнші Индира Расылхан өмірінде алғаш рет туған күнін көңілсіз қарсы алды.

  • 7 Желтоқсан 2017
  • 967
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Саravan.kz медиа-порталы хабарлады. Оған себеп әнші 40 жасқа толуды қартаюдың басы деп түсінсе керек. Ол бұл туралы былай деп түсіндіреді.

Әр адамға 40 жас осылай әсер берді ме? Әр туған күнім қуанышпен өтетін еді, осы жолы диперссиямен басталды. Қабылдай алмадым… 4 деп басталатын сан маған әсерін қатты берді. Құттықтап келген құрбыларыммен алдандым. Туған күнімнен 3 күн бұрын дипрессияға түсіп берекем кетті. Жылағым келе береді ме біртүрлі әсерде жүрдім. Ал бүгін ойланып отырмын, 40 жас, 39 дай екен ғой. Қызық өмір енді басталады деп жатқандар да бар.
40 жастағы алғашқы таңым күшті болып атты. Ары қарай да керемет болатынына сенемін. Айтпақшы кешегі кешке деген сындарыңыздың бәрін оқыдым, біз де адамбыз, біз де тірі жанбыз деп ескерте кетейінші.( ішің білсін әлу- ай! )
Араларыңызда 40 толып сондай дипрессияға ұшырағандарыңыз бар ма? Әлде мен ғана ма?


Соңғы жаңалықтар