Индонезия некесіз секске заң жүзінде тыйым салғаны рас па? - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Индонезия некесіз секске заң жүзінде тыйым салғаны рас па?

Индонезия некесіз секске заң жүзінде тыйым салғаны рас па?

Индонезияда некеге дейінгі секске қылмыстық жауапкершілік жүктелген.

  • 14 Желтоқсан 2022
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Factcheck.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Индонезияда 6 желтоқсан күні қабылданған жаңа қылмыстық кодексте расымен некеге дейінгі секске қылмыстық жауапкершілік жүктелген. Бірақ БАҚ-та мына нәрсе ескерілмеген — некесіз секске (адюльте́р) тыйым кодекстің бұрынғы нұсқасында да болған, яғни бірнеше жылдан бері бар. Тек жазаға ілігуі мүмкін адамдардың қатары көбейген, түрмеге балама ретінде әкімшілік айыппұл енгізілген, түрмеге қамау мерзімі ұзартылған және некесі қиылмаған адамдардың бірге тұруына қарсы қылмыстық жауапкершілік енгізілген. Біз тексеріп отырған жаңалықтардың тақырыбы кликбейт, сондай-ақ оларда ескі кодексте де некеге дейінгі секске тыйым болғаны айтылмайды", — делінген сайтта.

Factcheck.kz дерегінше, 2022 жылдың 6 желтоқсанында Индонезия үкіметі мен парламенті 76 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан ескі кодекстің орнын басатын жаңа Қылмыстық кодекс нұсқасын қабылдауға келіскен екен. 


Кодекстің бұрынғы нұсқасында жаза ерлі-зайыптылар арасындағы опасыздыққа қарастырылса, жаңа нұсқада некеден тыс қана емес, некеге дейінгі секске де тыйым салынады.