Индонезия Республикасының вице-президенті: Орталық Азия өзінің тарихи беделін қайта көтеріп келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Индонезия Республикасының вице-президенті: Орталық Азия өзінің тарихи беделін қайта көтеріп келеді

Индонезия Республикасының вице-президенті: Орталық Азия өзінің тарихи беделін қайта көтеріп келеді

"Астанада өтіп жатқан 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы арқылы Орталық Азия өзінің тарихи беделін қайта көтеріп келеді", - деді 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумында Индонезия Республикасының вице-президенті доктор Боедионо.

  • 8 Маусым 2011
  • 387
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумының Астана қаласында өткізілуі Қазақстан мен жалпы Орталық Азия аймағының әлемдік қауымдастық үшін маңызды екендігін көрсетіп отыр. «Біз Орталық Азияның тарих сахнасындағы үлкен рөлін жақсы білеміз. Кезінде әлемдік өркениеттер мен мәдениеттердің көпірі болған Ұлы Жібек жолын айтсақ да жеткілікті. Біз бұл өңірді жоғары әлеуеті бар аймақ ретінде қарастырамыз. Сондықтан бүгінгі таңда Орталық Азия өзінің тарихи беделін қайта көтеріп жатыр десек те болады. Биылғы форумның тақырыбы аса көкейкесті. «Ғаламдық экономикалық даму: қарым-қатынас, бәсекелестік пен ынтымақтастық» — бүгінде біздер, ислам елдері алдындағы тосқауылдарды еңсеру жолындағы өзекті тақырыпқа айналды. Ғаламдық кірігу үдерістері тереңдеген сайын бұл қиыншылықтар да ауырлай түсуде, бірақ оның бізге берер жақсы жағы да бар. Жаһандық интеграцияның арқасында біз өзара араласып, бірлесіп жұмыс істей аламыз. Шыны керек, қазіргі кезде әлемдік экономика үлкен дағдарыстан өтсе де, әлі де өз қалпына келе қойған жоқ. Сондықтан қазіргі кезде біз жұмыла көтеретін жүкті жеңілдетіп, нақты экономикалық өсімді қамтамасыз ете аламыз. Ислам дініміз үйретіп отырғандай, біз бауырлас ұлттар мен ұлыстармен өзара түсіністік байланыстарын орнатуға тырысуымыз қажет. Астанадағы форум осы ізгі ниетке жол ашуы тиіс», — деді доктор Боедионо.

Индонезия Республикасының вице-президенті атап көрсеткендей, мұсылман елдері арасындағы экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған өзінің жұмысы бойынша форум жыл сайын есеп беріп, нақты ұсыныстарды жасауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар