Е. Ашықбаевтың нақтылауынша, сапар 14 — 16 мамырға межеленген. Сапар аясында екі елдің сыртқы істер министрлері келіссөздер жүргізеді және бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.
Сонымен бірге, ресми өкілдің хабарлауынша, сапар барысында Х. Вираюда ҚР парламенті мәжілісінің төрағасымен, Қазақстанның бірқатар министрлеріктерінің басшыларымен кездеседі деп жоспарланған. Олардың барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық және инвестиция салаларындағы ынтымақтастығын дамыту жайы талқыланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті