Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы "Хабар24"-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Дереккөз мәліметінше, 53 жастағы шетелдік әйел көз жұмған.
Жалпы елде індетке 27 адамның шалдыққаны белгілі. Сондай-ақ қауіпті вирусқа байланысты алғашқы қайғылы оқиғалар Бельгия мен Мароккода тіркелген болатын. Екі жағдайда да қарт кісілер қайтыс болған. Ал бұған дейін індетті жұқтырудың алғашқы деректері Түркияда, Конго Демократиялық Республикасы мен Ямайкада тіркелген.
Соңғы мәлімет бойынша вирус әлемнің 118 елінде таралған. Жұқтырғандар саны 113 мыңнан асады. 4 мыңнан аса адам көз жұмған.