Индонезияда тасқын салдарынан 11 адам қаза тапты
Индонезияның Сулавеси аралында алапат тасқын салдарынан 11 адам қаза тапты. Жергілікті билік орындарының жұма күні таратқан деректеріне қарағанда, тағы жеті адам із-түссіз жоғалғандар санатында. Олардың арасында төрт бала мен бір жарым жастағы сәби де бар. Екі күн бойы толассыз жауған жауыннан көшкін жүріп, салдарынан өзендердің бірі тасыған. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін