Индонезияда жасанды алкогольден ресейлік төрт теңізші қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Индонезияда жасанды алкогольден ресейлік төрт теңізші қайтыс болды

Индонезияда жасанды алкогольден ресейлік төрт теңізші қайтыс болды

Индонезияда жасанды алкогольге уланып, ресейлік төрт теңізші көз жұмды.

  • 24 Маусым 2011
  • 493
Фото - Caravan.kz

Полиция өкілдерінің ақпараты бойынша, олардың бәрі «Капитан Курбацкий» кемесінің экипаж мүшелері болған, деп хабарлайды РБК.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, Банджармасин портында теңізшілер тұтынған алкоголь жасанды болып шыққан. Тағы үші ресейлік ауыр жағдайда ауруханаға жатыр.

Ресми мәлімет әзірге түскен жоқ. Оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Полицияның мәліметі бойынша, оқиға кемеде сауық кеші кезінде орын алған. Экипаждың 30-ға жуық мүшесі қытайлық жасанды алкогольді басқа сусындармен араластырған көрінеді.

Соңғы жаңалықтар