Бұл туралы Reuters хабарлайды. Ұлттық құтқару агенттігінің басшысының мәліметінше, 37 ересек адам мен 1 баланың мәйіті апат болған аумақтан табылған. Лайнерде болған тағы 16 адамның тағдыры әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта құтқарушылар ұшақтың «қара жәшіктерін» іздестіруде, деп жазады lenta.ru. Естеріңізге сала кетсек, 16 тамызда елдің Джайпур қаласынан ұшып шыққан ATR 42-300 ұшағымен байланыс 33 минуттан соң үзіліп, артынша оның сынықтары Октабе округінен табылды. Ұшақта бастапқыда барлығы 54 адам болған. Ақпарат
http://24.kz/ сайтынан алынды.