Индустрия министрлігі сәулет-құрылыс комиссияларының қызметіне заңмен бақылау қоюды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Индустрия министрлігі сәулет-құрылыс комиссияларының қызметіне заңмен бақылау қоюды ұсынады

Индустрия министрлігі сәулет-құрылыс комиссияларының қызметіне заңмен бақылау қоюды ұсынады

Астана. 1 желтоқсан. "Қазақстан бүгін"- ҚР Индустрия және сауда министрлігі мемлекеттік сәулет-құрылыс комиссияларының қызметіне орталық уәкілетті органдар тарапынан заңмен бақылау қоюды ұсынады. Бұл туралы еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник бүгін үкіметте өткен селекторлық жиын барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 1 Желтоқсан 2008
  • 379
Фото - Caravan.kz

«Қазір жергілікті атқарушы билік органдары құрылыс салу жөніндегі шешімнен бастап лицензия беру, құрылыс сапасына бақылау қою және нысандар мен кешендерді қабылдауға дейінгі барлық сәулет, қала салу және құрылыс қызметтеріне қатысты барлық функцияларды атқарады. Яғни, олар өздері құрылыс салып, оның сапасын өздері тексереді», — деді В. Школьник. Біз осыған байланысты «Сәулет-құрылыс және құрылыс қызметі туралы» заңға өзгеріс енгізу жөнінде бастама көтердік. Ол жобамен орталық уәкілетті органдар тарапынан жергілікті атқарушы биліктің сәулет және қала салу ісі бойынша іс-қызметін қадағалау функциясы заңмен енгізіледі»,- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар