«Біздің нұсқауымыз — мораторийға қайтадан кері айналып соқпай, керісінше, ахуалдың одан әрі қалай өрбитінін қадағалауға саяды «,- деді ол. Министрдің пайымдауынша, «шағын бизнесті тексеру шарттарын заңдық деңгейде шегелеу қажет».
Ә.Жақсыбековтың айтуынша, шағын және орта бизнес субьектілерін тексеруге мораторий жариялау — шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс істеушілер санының артуына түрткі болды. Атап айтсақ, министрдің мәліметі бойынша, шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны осы мерзімде 2002-жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 23 процентке артып, 483 мыңға жеткен. Ал осы салада еңбек етушілер саны 1,2 млн. адамды құрады.
Сонымен бірге, Ә.Жақсыбековтың айтуынша, «мораторий жариялау — кей жағдайда кері нәтижеге де алып келген». Атап айтсақ, оның мәліметі бойынша, тексерулерге мораторий жариялау — акциздік алымдар мөлшерінің азаюына және акциздік өнімдер саласында көлеңкелі айналым мөлшерінің артуына апарып соққан. «Акциздік өнімдер бойынша республикалық бюджетке құйылатын акциздік алымдар мөлшері азайды»,- деді министр. «Мораторий дегеніміз уақытша қолданатын шара, ал оның мерзімін ұзарту — кәсіпкерлерді одан бетер құнықтырып жіберуі мүмкін»,- деп қорытты өз сөзін Ә.Жақсыбеков.