Оның айтуынша, 2003-жылдың 1-қазанындағы жағдаймен жұмыс тобы жалпы құны 3 млрд. 918 млн. долларды құрайтын 173 жобаны қарады. «Бұл жобалар алдын-ала пысықтаудан кейін іс-қызмет түріне қарай даму институттарына жіберіледі»,- деді министр.
Ә.Жақсыбековтың атап көрсеткеніндей, «мемлекеттің даму институттарымен, сондай-ақ, даму институттарының жеке меншік сектормен және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ықпалдастық тетігі қазірдің өзінде айқындалып үлгерді».
Жаңадан құрылған даму институттары ретінде Ә.Жақсыбеков жарғылық қоры 37,7 млрд. теңгені құрайтын Қазақстан даму банкін, жарғылық қоры 22 млрд. теңгені құрайтын Қазақстан инвестициялық қорын, жарғылық қоры 3 млрд. теңгені құрайтын Инновациялық қорды, жарғылық қоры 77 млрд. теңгені құрайтын Экспортты сақтандыру жөніндегі мемлекеттік корпорациясын, жарғылық қоры 100 млн. теңгені құрайтын Маркетингтік және сараптамалық зерттеулер жөніндегі орталықты, жарғылық қоры 100 млн. теңгені құрайтын Инжиниринг және технологиялық трансферттер жөніндегі орталықтарды атады.