Комитеттің жаңа төрағасын мекеме басшысы Владимир Школьник таныстырды.
Министр аталған комитеттің бұрынғы төрағасы Қайсар Оспанұлы Омаровқа 2003 жылдан бері осы уақытқа дейін индустрия және сауда жүйесінің жетекші құрылымдарының бірінің бірінші басшысының орнында атқарған зор жемісті жұмысы үшін алғысын білдірді. Владимир Школьник Қазақстан Республикасы парламенті сенатының жаңадан сайланған депутатына заң шығару жұмысында табыс тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті