Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында жүзеге асырылу барысы үкіметте өткен кеңесте талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында жүзеге асырылу барысы үкіметте өткен кеңесте талқыланды

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында жүзеге асырылу барысы үкіметте өткен кеңесте талқыланды

ҚР үкімет басшысының Кеңсесі төрағасының орынбасары Қайрат Смағұловтың төрағалығымен өткен кезекті кеңесте Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру барысы қаралды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Шiлде 2004
  • 751
Фото - Caravan.kz

Кеңесте есептері тыңдалған Шығыс Қазақстан және Ақмола облысы әкімдері орынбасарларының айтуларынша, бұл өңірлерде Стратегияны жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар аймақтық индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес жүргізілуде.

Аталған бағдарлама, өңір өкілдерінің айтуынша, басымдық берілген өнеркәсіп саласын дамытуға, өңір экономикасының экспорттық бағытын дамытуға және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ, қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға, жоғары технологиялық өндірісті игеруге қажетті әлеуетті арттыруға бағытталған.
Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысында қазіргі уақытта 8 жобаны іске асыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде, соның ішінде жеңілмоторлы авиация өндірісін құру, ауыл шаруашылығы машиналары үшін бөлшектер шығаратын өндіріс салу, ламинациялы ағаш жонатын плита, шыны зауыты және басқа да жобалар қарастырылған. Бұл жобаларды ҚР индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялық және инновациялық жобаларды дамыту жөніндегі жұмыс тобы мақұлдаған.
Кеңес барысында, сондай-ақ, Ақмола облысында ғылыми өндірісті дамыту перспективасы талқыланды. Орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ, үкімет басшысы Кеңсесінің аймақтық даму және өнеркәсіптік сала бөлімдерінің сарапшылары Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру аясында, астаналық облыс үшін аталған бағыттың келешегі зор деген бірыңғай пікірге тоқтады. Әңгіме, атап айтқанда, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Ұлттық биотехнологиялық орталығы әзірлеген биотехнологиялық өнімдер шығаруды игеру жөніндегі бағдарламаны іске асыру туралы болды.
Кеңесте өңірлерде Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы шеңберіндегі жобаларды жүзеге асыру жұмыстарын пәрмендендіру қажеттігі атап өтілді. Перспективалы жобалардың қаржыландырылмауы және ақырына дейін іске асырылмауы туралы біраз фактілер келтірілді. Мұндай жағдайға жобаларды жүзеге асыру процедураларының даму институттарымен дер кезінде келісілмеуі себеп. Аймақ және даму институттарының өкілдеріне жобаларды жедел келісуді және оларды қаржыландыру туралы шешімнің тез арада қабылдануын қамтамасыз ететін тиімді тетіктерді ойлап табу және жобаларды жүзеге асыру барысын бақылаудың тиімді механизмдерін әзірлеу жөніндегі жұмыстарды жандандыру тапсырылды.

Перейти к новостям спорта