Н.Назарбаев былай деді: «Биыл мен барлық облыстарды аралап шықтым. Жағдайды көріп, таныстым. Әр өңір ірі инвестициялық жобаларды іске асыру, жаңа экспорттық өндірісті жолға қою арқылы ел экономикасының дамуына өз үлестерін қосып жатыр. Әлеуметтік-мәдени ошақтар — балабақшалар, мектептер, ауруханалар бой көтеруде. Көпірлер, жолдар, өзге де инфрақұрылымдық нысандар салынуда. Биылғы жылы үйлер былтырғыдан көп тұрғызылатын болады.
Барлық облыста өндіріс көлемі артып келеді. Республиканың 12 облысында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясындағы құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 1,4 есе болса, Ақмола облысында 17,9 пайызға, Алматы облысында 17,6 пайызға өскен.
Ауыл шаруашылығы өндірісі көлемі 552,2 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20,2 пайызға жоғары».
Облыстарды аралаған сапарында Елбасы осындай өңірлер үшін, республика үшін өзекті мәселелерді уақытында шешуге тапсырма берген. Жалпы алғанда, қысқа барлық өңір дайын. Азық-түлік, отын жеткілікті. Баспана бар. Қысқасы, қыстан қысылмай шығуға толық жағдай жасалған. Өңірлердегі даму үрдісі орнықты деп айтуға негіз жеткілікті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті