Ингушетия Астананың архитектуралық тәжірибесін үйренбек - kaz.caravan.kz
  • $ 509.51
  • 570.6
+17 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ингушетия Астананың архитектуралық тәжірибесін үйренбек

Ингушетия Астананың архитектуралық тәжірибесін үйренбек

Ингушетия президенті Юнус-Бек Евкуров Астана сәулетшілеріне ірі құрылыстарда тәжірибе алмасы мақсатында ынтымақтастық жүргізуді ұсынды.

  • 21 Қараша 2012
  • 345
Фото - Caravan.kz

Ю.Евкуров Астана басшылығымен кездесу кезінде елорданың архитектуралық келбетіне таңданысын жеткізді және өз елінде осындай жобаларды жүзеге асыру ниетін білдірді», — деп бүгін қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ол Ингушетияның 2013 жылы Астананың 15 жылдығын мерекелеуге қатысуға дайын екенін атап көрсетті және өз елінің мәдени бағдарламасын таныстырды.
Астана әкімінің орынбасары Аида Балаева кездесу кезінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы ұсыныс жасады.