«Інілері болған»: Он жеті жыл бойы құлдықта болған тараздық қос қызға қатысты тағы бір тың дерек шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.04
  • 525.98
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Інілері болған»: Он жеті жыл бойы құлдықта болған тараздық қос қызға қатысты тағы бір тың дерек шықты

«Інілері болған»: Он жеті жыл бойы құлдықта болған тараздық қос қызға қатысты тағы бір тың дерек шықты

Он жеті жыл бойы аға-жеңгесінің малын бағып, құлдықта болған Құндыз бен Назгүл есімді қыздарға қатысты тың дерек шықты.

  • 11 Қыркүйек 2023
  • 3067
Фото - Caravan.kz


Қыздарды танитындар олардың арасында інілері болғанын айтады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы қоғам белсендісі, блогер Шолпан Тоқтар мәлімдеді. Айтуынша екі қыздың арасында бір ұл болған және ол «подвалда» қайтыс болыпты-мыс. Cонымен бірге қос қызға көпшілік үй сыйлағаны белгілі болды.

« Сүйінші халқым мейірімді жандар екі қызғалдағымыз Құндыз бен Назгүлге баспана сыйлады! Әлем мейірімді, қайырымды адамдармен тола берсе екен! Баспана сыйлаған жандарға Алла разы болсын.

Қазіргі таңда қос ару мүмкіндігі шектеулі сәбилерді бағып отырған шаңырақта. Жалпы ол жерден қыздарды алып басқа аурада ұстаған дұрыс. Қыздардың психикасы жөнге келу үшін кемінде 2-3 жыл уақыт керек. Рас, қыздарды ешқандай режим, белгілі бір тәртіп, правила, талап бар жерге апармаған дұрыс. Кәдімгідей ұйқылары қанғанда тұрып, күнделікті өзіндік жоспарлары бар өмірге бейімдеп бастау керек. Енді бүгін, ертең емес әрине.
Қазір ыстық-скықтары басылсын.

Танитын білетіндер Құндыз бен Назымның ортасында Бақош деген тоже момын, өте жуас інілері болған, подвалда өліп қалыпты… деп көмген деп жатыр. 17-жыл аш жалаңаш, суықта, малмен бірге жатқан қыз балалар өлмегенде, жап-жас, ағзасы балғын ер бала неге өледі?

Бақоштың өлімінен кейін, біраз уақыттан соң участковыйға аға-жеңгелері сиыр беріліпті дейді, не үшін? Причина смертиді ана жеңгесіне тиімді етіп жазғаны үшін емес пе? Жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды дейді…

Өткенде передачада көрдіңіздерме? Жеңгесі: мен бұларды баққаннан бас тартайын деп отырмын, оларда уже түберкүлез деп қояды, екі қызды бағып-қағып отырғандай, капец офиристка екен, осындай шүйкебастарды жер көтеріп жүр… ағалары еркек емес, одан үміт қайыр күтпеңдер. Ол пішілген бұқа сияқты басын шұлғып жүре беретін салбыранкі екен. Оны билеп отырған ана сары шәйтән жеңге… Бақоштың өлімін тексерту керек.  Неге жас бала қараптан қарап подвалда өлген? Сіздер қалай ойлайсыздар? Бақоштың өлімі жайлы естідіңіздер ме?», — деп жазды ол.