Инклюзияны қолдау кабинеттерінің маңыздылығы қандай? - kaz.caravan.kz
  • $ 493.85
  • 519.04
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Инклюзияны қолдау кабинеттерінің маңыздылығы қандай?

Инклюзияны қолдау кабинеттерінің маңыздылығы қандай?

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының инклюзияны қолдау кабинеті бар мектептері ерекше қажеттілігі бар балалардың ой-өрісін қалыптастырып, оқу барысына көмектесуге септігі мол.

  • 19 Қаңтар 2023
  • 10
Фото - Caravan.kz


Арнайы жабдықталған кабинеттіің ерекше балаларды тәрбиелеуде маңызы зор. Тараздағы осындай мекемеге келуші балалардың ата-аналары да растайды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Ұлым 7 жаста. Бірінші сыныпта оқиды. Бұл мектепке келгенде мүлде сөйлемейтін. Қазір көп сөзді қайталады, өзіне керек нәрсені сұрап алады. Көп нәрсені түсінді. Бұрын костюм кимейтін, қазір саналы түрде өзі киеді. Сабағын дайындайды, осы мектепке қуанып келеді», — дейді Нұрасылдың анасы Эльмира Бақытқызы.

«Қызым 2010 жылы Алматыда туған. Туа біткен дерті бар. Биыл осы мектепте екінші жыл оқып жатыр. Мұғалімдерге басымды иіп алғыс айтамын. Қызым көп өзгерді, басында ашуланшақ еді, орнынан тұрып кетіп қалатын. Қазір ондайы жоқ. Түстерді таниды, нәтижесі жақсы», — дейді Мейірімнің анасы Гүлнұр Аманбаева.

Айта кетейік, инклюзияны дамыту жөніндегі «Қамқорлық» жобасы 2019 жылдан бастап іске асырылып келеді. Қазір елімізде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға оқу үдерісінде көмек көрсететін арнайы жабдықталған осындай 16 кабинет бар. Мұндай орталықта оқу үшін тұрғылықты жеріңіздегі емханаға жүгіну қажет.