Inmarsat-4F3 жер серігін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышы №200 алаңның ұшырылым "үстеліне" орнатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Inmarsat-4F3 жер серігін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышы №200 алаңның ұшырылым "үстеліне" орнатылды

Inmarsat-4F3 жер серігін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышы №200 алаңның ұшырылым "үстеліне" орнатылды

Байқоңыр. 15 тамыз . "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Inmarsat-4F3 жер серігін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышы №200 алаңның ұшырылым "үстеліне" орнатылды, деп хабарлайды агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 15 Тамыз 2008
  • 460
Фото - Caravan.kz

«Протонды» №200 алаңның ұшырылым қондырғысына шығару жөніндегі шешім кеше мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданды.

Бүгін таңертең жергілікті уақытпен 6 сағат 30 минутта техникаллық жанармай құю станциясында «Протон-М» зымыран тасығышы темір жолмен №200 алаңның ұшырылым кешеніне тасымалдана бастады. Зымыран тасығыш жеткізіліп, ұшырылым «үстеліне» тік күйінде орнатылды.

Қазір М. Хруничев атындағы орталығы, жалпы машина жасау жөніндегі конструкторлық бюросы мен «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығының мамандары бірінші ұшырылым күнінің кестесі бойынша жұмысқа кірісті. Ғарыш айлағының мамандары 4 күн бойы ұшырылым кешені мен зымыран тасығыштың жүйелерін тексеретін болады.

Inmarsat-4F3 жер серігін ұшыруға арналған «Протон-М» зымыран тасығышы 2008 жылғы 19 тамызда Астана уақытымен 4 сағат 43 минутта ұшырылады деп жоспарланған.

Салмағы 6 тонналық Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратын EADS Astrium концерні EUROSTAR 3000 платформасының негізінде Ұялы жер серігі байланысының ғаламдық ірі халықаралық операторы Inmarsat тапсырысымен жасаған. Inmarsat 4F3 ғарыштық аппараты Жер аумағының 85%-ын қамтитын ғаламдық жер серіктерінің тобына қосылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар