"Инста парақшам үшін атақ алмадым": Нұрлан Еспанов өкінішін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 514.94
  • 583.74
+11 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Инста парақшам үшін атақ алмадым": Нұрлан Еспанов өкінішін айтты

"Инста парақшам үшін атақ алмадым": Нұрлан Еспанов өкінішін айтты

Әнші, сазгер Нұрлан Еспанов мемлекет тарапынан атақ алмағанын айтты, өкінішімен бөлісті.

  • 27 Ақпан
  • 53
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Өнер иесі бағдарлама жүргізушісі Асхат Садырбайдың «Әлі күнге дейін Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атағын алмауыңызды себебі неде» деген сұрағына жауап берді.

«Бәрін менің ақкөңілдігім құртты. Мен әлеуметтік желідегі парақшама әзіл саламын ғой. Бірде Астанада жүретін үлкен азаматқа неге маған 10 жыл бойы құжат жинатып алдадыңдар деп өкпемді айттым. Мен сіздер үшін көп дүние тегін жасадым ғой дедім. Сөйтсем, сенің инста парақшаңда бір іліп алар, салмағы бар дүние жоқ қой деді. Ол менің жеке парақшам, өмірде қандай екенімді білмейсіздер ғой дедім. Әлеуметтік желідегі контент жарнама үшін, мен бала-шағамды асырауым үшін керек. Ол маған ақша мен абырой әкеліп тұрған нәрсе. Біреудің кәсібіне демеу білдіріп, түсіріп, сол кісінің қолы жүрсін деймін. Маған 10 жыл бойы жата беріңіз, шақырамыз деп уәде берді. Менен 20 жас кіші, бір күні қарасам 30 жас кіші балалар еңбек сіңірген қайраткер атағын алып жатыр ғой. Содан бұл атақ маған керегі жоқ шығар деп ойладым. Қазір 52-ге келдім, бір шетінен атаққа да кешіктік. Сол себепті қазір сұрамайтын болдым. Үмітім де жоқ», — дейді Нұрлан Еспанов.

Желі қолданушылары әншіге қолдау сөздерін аямауда.

«Нұреке, сіз біз үшін халық әртісінен кем емессіз», «Сізді халық қолдайды, сол атақты кім алмай жатыр», «Халықтың қолында болса, сол атықты сізге баяғыда беретін едік», «Сіз сол арзан атақсыз да мықтысыз аға», «Тоқалдар бір әнмен атақ алған заман болды ғой», — деп жазды олар.