Енді әлеуметтік желі қолданушылары Instagram Stories-те бір апта ішінде түсірілген суреттер мен видеоларды жариялай алады. Сервис өкілдерінің айтуынша, бұл жаңашылдық қолданушыларға көбірек мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, бұл функцияның қосымшаның жаңартылған нұсқасында қолжетімді екені айтылады.
Еске сала кетейік, Instagram қолданушылары осыған дейін бұрынғы суреттін скринін жасап, оны қайта сақтап болған соң ғана Stories-ке жүктеуші еді. Енді бұлай жасаудың қажеті болмайды.