Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы 31 арнаға сілтеме жасап, хабарлайды.
Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановты инстаграмда балағаттаған тұрғын енді 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы немесе 400 000 теңге көлемінде айыппұл төлеуі әбден мүмкін. Инстаграмын өзі жүргізетін әкім балағат коммент жазған адамның үстінен арыз түсіріп, қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр. Комментші азаматқа «билік өкілін қорлау, яғни жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасаған іс әрекеті» үшін қылмыстық іс қозғалыпты.