Интеграция әлеуеті шектеулі шағын мемлекеттерге бүкіләлемдік жаҺандану құбылысына бейімделуге мүмкіндік береді - ҚР Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Интеграция әлеуеті шектеулі шағын мемлекеттерге бүкіләлемдік жаҺандану құбылысына бейімделуге мүмкіндік береді - ҚР Елбасы

Интеграция әлеуеті шектеулі шағын мемлекеттерге бүкіләлемдік жаҺандану құбылысына бейімделуге мүмкіндік береді - ҚР Елбасы

"Интеграция әлеуеті шектеулі шағын мемлекеттерге бүкіләлемдік жаҺандану құбылысына бейімделуге мүмкіндік береді". Бүгін, 2-сәуірде Астанада өткен "Еуразиялық одақ : идеядан тәжірибеге ден қою" тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Сәуiр 2004
  • 675
Фото - Caravan.kz

«ЖаҺандануды тек жақсылық қана әкеледі деп адасуға болмайды, бірақ дегенмен, бұл одан мүлдем теріс айналып, қарсы алдынан есікті тарс жабуды меңземейді»,- деді Елбасы. Н.Назарбаевтың айтуынша, «жаҺандану пайдамен бірге оған есігін айқара ашқан елдерге кейбір қиындықтар да әкеледі». «Бұрынғы КСРО аясындағы интеграциялық процестер күшейген сайын, одақтық республикаларға бүкіләлемдік жаһандану құбылысының залал-зардабы жеңіл тиеді».

«Еуропадағы интеграциялық құбылыстардың тәжірибесі көрсеткендей, әлеуеті жағынан Қазақстаннан кем түсетін шағын елдер Еуропалық Одаққа мүшелікке өту арқылы жаһандану құбылысына жеңілірек бейімделе бастады»,- деді Н.Назарбаев.
Қазақстан мемлекет басшысының пікірінше, «Біртұтас экономикалық кеңістік құру Қазақстан мен бұрынғы кеңестік республикаларға жаһанданудың залал-зардабын жеңілдетуге мүмкіндік береді».
«230 млн халық шоғырланған бұрынғы Кеңестік республикалардың адами әлеуеті мен олардың экономикалық мүмкіндіктері, тіпті Еуропалық Одақтың өзі санасуға құлық танытатын қуатты одақ құруға мүмкіндік береді»,- деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар