«Біз интеграцияны нығайту бағытында үздіксіз ілгерілеп келеміз. Егер, қандайбір себеппен ойлағанымыз жүзеге аспай жатса, оған әлдекімнің арам пиғылы әсер етіп отыр деуге болмайды. Президенттердің ойлағаны тек жақсылық қана. Бірақ әр елдің экономикалық мүддесі, әр елдің мүмкіндіктері, экономикалық және саяси реформалары мен даму деңгейі оған жағдай жасай бермейді»,- деді Н.Назарбаев. Осыған байланысты Қазақстан президенті төрт мемлекеттің Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру туралы құжаттары қабылданғанда «осы жылдар ішінде мемлекеттердің заңнамалары бір-біріне алшақтап кеткені соншалық, ендігі жерде бізге 61 заңнамалық акт қабылдап, үкіметтің заңдарға тәуелді тағы 50 құжатын дамыту қажеттігі айтылды» деп атап көрсетті.
«Еуропалық Одақ құрыла бастағалы 55 жылдан асты. Ал біз, меніңше, одан да жақсы қарқынмен ілгерілеп келеміз»,- деді Н.Назарбаев.
Сонымен бірге Қазақстан мемлекет басшысы ТМД-ның даму деңгейі бәсең деген сыни пікірді негізсіз деп санайды. «Әрине, интеграциялану қарқынына біздің көңіліміз толмауы мүмкін. Бірақ бұл мүлдем дұрыс емес. Біздің ілгерілеп келе жатқанымыз даусыз. Біздің бір емес, бірнеше мәрте бір үстелдің басында бірігуіміз, ТМД аумағында осы жылдарда бейбітшілікті сақтай алуымыз — ТМД-ның ең басты жетістігі»,- деді Елбасы.