Жарияланды: 340

Интеллигенция ұлттық құндылықтарды жасауда ең басты күш болуы тиіс - ҚР Президенті

«Қазақстан 2050» Стратегиясы ұлттық интеллигенцияның қоғамдағы рөлін арттыра түседі.

Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыдағы резиденциясында мәдениет, өнер және ғылым қайраткерлеріне Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиялары мен сыйлықтарын табыс ету кезінде айтты. «Интеллигенция ұлттық құндылықтарды жасауда ең басты күш болуы керек. Интеллигенция дегенде ғылыми-техникалық интеллигенцияны айтып отырмын. Біздің ЭКСПО-ны алғандағы бағытымыз - жаңа энергетика. Жаңа энергетика дегеніміз - болашақ. Оған өтпей болмайды. Жаңа энергетикаға көшетін болсақ, технологиялар да, мамандар да басқа болады. Еліміздің өсіп-өркендеуі басқаша болады», - деді Президент. Елбасының айтуынша, зиялы қауымның туындылары жастар үлгі алып, ой түзетіндей қазіргі заманғы жаңа қаһармандарды көрсетуге бағытталуы тиіс.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін