"Интерлюкс" компаниясының тең төрағасын тапсырыспен өлтіруге қатысты қылмыстық іс сотқа тапсырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Интерлюкс" компаниясының тең төрағасын тапсырыспен өлтіруге қатысты қылмыстық іс сотқа тапсырылды

"Интерлюкс" компаниясының тең төрағасын тапсырыспен өлтіруге қатысты қылмыстық іс сотқа тапсырылды

"Интерлюкс" компаниясының тең төрағасы Юрий Кагановты тапсырыспен өлтіруге қатысты қылмыстық іс сотқа тапсырылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы ІІББ-ның қылмыстық полиция қызметінен хабарлады.

  • 26 Тамыз 2003
  • 386
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ю.Кагановқа 2002-жылдың 17-қыркүйегінде өз үйіне кіре берісте шабуыл жасалған болатын. Кәсіпкер Макаров тапаншасынан атылған оқтан басынан жараланып, бірнеше сағаттан кейін ҚР Қорғаныс министрлігінің госпиталінде қаза тапқан.

Полицияның ақпаратына сәйкес, бұл қылмысқа күдікті деп саналған 6 адам тергеу барысында ұсталған болатын. Олардың арасында тапсырысты тікелей жүзеге асырушы , 21 жастағы Беларусь азаматы Сергей Кетрис пен оның екі Алматылық сыбайласы — кісі өлтіруге тапсырыс беруші мен қылмыстық ұйымдасқан топтың мүшесі болып табылатын делдал бар. Олардың аты-жөні нақтыланбай отыр.
Сондай-ақ, бұл іске кісі өлтіргішке қару берген полиция подполковнигі, ҚР ІІМ-нің аға оперативті қызметкері күдікті ретінде тартылып отыр.

Соңғы жаңалықтар