Жарияланды: 440

Интернационализм және адамсүйгіштік сезімдерді баланың санасына жастайынан сіңіру қажет - ҚР Елбасы

"Интернационализм және адамсүйгіштік сезімдерді баланың санасына жастайынан сіңірудің маңызы айрықша зор". Бүгін, 23-желтоқсанда Қазақстан халықтары ассамблеясының 10 сессиясында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ата-аналар мен оқытушы-мұғалімдерге осындай ой тастады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

"Қазіргі заманда өмір сүру - бұл - түрлі мәдениеттер, діндер мен халықтарға қатысты ашық-жарқын көзқарас ұстану, оларға төзімділікпен қарап құрмет тұту екенін мектеп пен ата-аналар ғана балалардың жадына сіңіріп, санасына жеткізуге тиіс",- деді президент. Мемлекет басшысы осы орайда "біз өзіміз кейде адамдардың нәсіліне, көзінің қиығы мен басқа да ерекше қасиеттеріне айрықша мән беріп жатамыз" деп атап көрсетті. Баланы дұрыс тәрбиелеу - оның болашақта ғаламдық әлемде адамдарды ұлттар мен ұлыстарға, нәсілдер мен діндерге бөліп алалаушылық жасамай бейбіт әрі бақытты өмір сүруіне мүмкіндік жасайды,- деді Елбасы қазақстандықтарға арнаған өз мәлімдемесінде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін