«Қазіргі заманда өмір сүру — бұл — түрлі мәдениеттер, діндер мен халықтарға қатысты ашық-жарқын көзқарас ұстану, оларға төзімділікпен қарап құрмет тұту екенін мектеп пен ата-аналар ғана балалардың жадына сіңіріп, санасына жеткізуге тиіс»,- деді президент.
Мемлекет басшысы осы орайда «біз өзіміз кейде адамдардың нәсіліне, көзінің қиығы мен басқа да ерекше қасиеттеріне айрықша мән беріп жатамыз» деп атап көрсетті.
Баланы дұрыс тәрбиелеу — оның болашақта ғаламдық әлемде адамдарды ұлттар мен ұлыстарға, нәсілдер мен діндерге бөліп алалаушылық жасамай бейбіт әрі бақытты өмір сүруіне мүмкіндік жасайды,- деді Елбасы қазақстандықтарға арнаған өз мәлімдемесінде.