"Қазіргі заманда өмір сүру - бұл - түрлі мәдениеттер, діндер мен халықтарға қатысты ашық-жарқын көзқарас ұстану, оларға төзімділікпен қарап құрмет тұту екенін мектеп пен ата-аналар ғана балалардың жадына сіңіріп, санасына жеткізуге тиіс",- деді президент.
Мемлекет басшысы осы орайда "біз өзіміз кейде адамдардың нәсіліне, көзінің қиығы мен басқа да ерекше қасиеттеріне айрықша мән беріп жатамыз" деп атап көрсетті.
Баланы дұрыс тәрбиелеу - оның болашақта ғаламдық әлемде адамдарды ұлттар мен ұлыстарға, нәсілдер мен діндерге бөліп алалаушылық жасамай бейбіт әрі бақытты өмір сүруіне мүмкіндік жасайды,- деді Елбасы қазақстандықтарға арнаған өз мәлімдемесінде.
Интернационализм және адамсүйгіштік сезімдерді баланың санасына жастайынан сіңіру қажет - ҚР Елбасы
