Интернет арқылы сатып алынған темір жол билеттері астаналықтар мен алматылықтар үшін бір ай тегін жеткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 533.61
  • 621.07
+37 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Интернет арқылы сатып алынған темір жол билеттері астаналықтар мен алматылықтар үшін бір ай тегін жеткізіледі

Интернет арқылы сатып алынған темір жол билеттері астаналықтар мен алматылықтар үшін бір ай тегін жеткізіледі

2011 жылдың 15 желтоқсанынан 2012 жылдың 15 қаңтарына дейін Астана және Алматы қаларында Интернет арқылы сатып алынған темір жол билеттері клиенттерге тегін жеткізіледі. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінен мәлім етті.

  • 14 Желтоқсан 2011
  • 540
Фото - Caravan.kz

Компания темір жол билеттерін келесі сайттар арқылы сатып алуға болатынын еске салады: www.railways.kz, www.temirzholy.kz, www.pcentre.kz.

Жол жүру құжаттары үйге, кеңселерге Астана және Алматы қалаларының ішінде жұмыс күндері: Алматыда сағат 09.00-ден 17:00-ге дейін, Астанада сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жеткізіледі. Тапсырыс күн сайын сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін пойыз жөнелтілгенге бір тәулік қалғанға дейін қабылданады, билет пойыздың жүруіне 6 сағаттан кем емес уақыт қалғанша жеткізіледі.